БIЗДIҢ КОМАНДА

Ойнаров Азамат Рысқұлұлы
Басқарма Төрағасы
Орталық командасын 2014 жылдың қантар айынан бастап басқарады.
Жиырма үш жыл мемлекеттік және коммерциялық секторларда әртүрлі басшылық қызметтер атқарған. Экономика және нарықтық қатынастар, банк ісі, экономикалық жоспарлау, табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау салаларымен тікелей айналысты. 2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының қаржы Вице-министрі, 2007 жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің экономика және қаржы бойынша Орынбасары лауазымына тағайындалды.
Техника ғылымының кандидаты.

Ешімова Дана Ақылбекқызы
Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары
Бэк-кеңсесінің жетекшісі
МЖӘ орталығы командасына 2011 жылы қаңтар айында қосылды.
2002-2011 жылдар аралығында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды: халықаралық салық салу бөлімінің басшысы, Ішкі басқару департаменті кадр бөлімінің басшысы, Ішкі басқару департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде Құқық департаментінің жетекшісі болды.
МЖӘ орталығында экономикалық сараптау блогы мен занңаманы әзірлеуге жауапты.

Талипов Бекмұрат Аріпұлы
Басқарма Төрағасының орынбасары
Фронт-кеңсе жетекшісі

Матаев Талғат Мұстафаұлы
Басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен жұмыс істеу жөніндегі орынбасары
«Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ қызметке 2017 жылдан бастап кірісті.
Негізгі еңбек жолын салық органдарында қызмет жасаудан бастады. Қызылорда облыстық әкімдігіне қарасты құрылымдарда және салық органдарында жауапты лауазымды қызметтер атқарған. Мемлекеттік қызметтегі тәжірбиесінен бөлек, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін компаниялдарда істеген. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жүйесінде де қызмет атқарып, мол тәжірбие жинаған. Одан өзге Еуразия экономикалық комиссиясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары бойынша ауқымды жұмыс жүргізген.
Талғат Мұстафаұлы мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығында мемлекеттік органдармен жұмыс істеу саласына жауапты. Оның ішінде мемлекеттік органдармен тиімді қарым-қатынаста болу, ондағы мамандардың білімі мен білігін көтеру бойынша да жұмыс жүргізеді. Түрлі мақсатта жүргізілетін зерттеу, талдау ісіне де жауапты.

Шолпан Сапарғали
Жобалық кеңсесінің жетекшісі
Басқарма мүшесі
Қазақстандық МЖӘ орталығында 2008 жылдан бастап инвестициялық жобаларды сараптау және іске асырылуын бағалау, жобалық басқару мәселелерімен айналысады.
Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, Экономикалық зерттеулер институты, Астана қ. әкімдігі жанындағы Астана қаласын орнықты дамыту орталығы, Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке серіктестігінің аймақтық орталығында жұмыс атқарды.

Арман Мұқажанов
Вице-президент
Заң қызметі
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-да еңбек жолын 2013 жылы Заң департаментінің директоры қызметінен бастаған. Қазіргі уақытта Қоғамның мидл-кеңсесіне жетекшілік етеді. Сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық қамсыздандыру, мемлекеттік сатып алу, Қоғамның менеджмент сапасын қадағалау және клиенттерді оқыту жүйесін ұйымдастыру бағыттарына жауап береді.

Дамир Егізбаев
Коммуникация директоры
Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік Орталығының ұжымына жуырда ғана қосылғанымен, PR-технология саласындағы білікті маман ретінде өзін таныта білді. 15 жылға жуық бұқаралық ақпарат құралдарындағы еңбек өтілінде барлық танымал телеарналармен радиостанцияларда қызмет атқарған. Ал бүгінде Орталықтың қоғаммен байланыс, корпоративтік даму мен қызметкерлерді іріктеу сұрақтарына жетекшілік етеді.

Айдос Кобетов
Вице-президент
Фронт-кеңсе жетекшісінің орынбасары
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-да еңбек жолын 2008 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларға сараптама Департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
Қазіргі уақытта МЖӘ орталығының Басқарушы директоры болып табылады және негізгі мақсаты мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының нарығын жандандыру болып табылатын Жобалық департаментке жетекшілік етеді.

Ерлан Жакин
Вице-президент
Фронт-кеңсе жетекшісінің орынбасары
«Болашақ» бағдарламасы бойынша, Ұлыбританияның Стирлинг университетін тәмәмдаған. Кәсіби жолын 2010 жылы Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасында (UNDP) бас маркетолог ретінде бастап, кейіннен «КАЗИМПЭКС» Республикалық орталығы» АҚ, «Назарбаев Университет» ААҚ және ««Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» еншілес ұйымында («Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ) жетекшілік қызметтерде болды.
Ал 2015 жылы МЖӘ дамыту орталығы ұжымына қосылды.