МЖӘ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы – елімізде жаңа үлгідегі МЖӘ дамытудың алдыңғы қатарлы сараптамалық орталығы.

Бұл орталыққа МЖӘ саласында жоғары білікті, бірегей білімі және практикалық тәжірибе иелері жұмылдырылған. Біздің қызметіміз МЖӘ саласында зерттеулер жүргізуге, инвестициялық жобаларды сараптау және оның іске асырылуын бағалауға бағытталып отыр. Біз жобаларға консультациялық қолдау көрсете отырып, олардың жүзеге асырылуына қолғабыс көрсетеміз.

Қызметіміздің маңызды тармағы – ғылыми негіз қалыптастыру және кадрлық әлеуетті дамыту. Әдеттегі оқыту курстарын жүргізумен қатар біз ЖОО-мен ынтымақтастықта МЖӘ саласындағы магистранттарды оқыту бағдарламасын іске асырып, оқу-зерттеу лабораториясын құрдық.

Біз заң шығарушы және атқарушы билік органдарымен, ұлттық компаниялармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен әр деңгейде тығыз әрі өзара тиімді әрекеттестік орнаттық. Біздің орталық МЖӘ саласын дамыту бойынша көкейтесті мәселелерді талқылап қана қоймай, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу жөніндегі сарапшылық ұсыныстарды өндіретін кеңінен танымал дискуссиялық алаңдарды ұйымдастырудың бастамашылары қатарында. Біз өз борышымызды мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту үшін жағдай жасауда, сондай-ақ, МЖӘ жобаларын іске асыру үшін мүдделі тараптардың бар әлеуетін қосып, ел экономикасына тартылатын жекеменшік инвестициялар көлемінің артуына ықпал етуде деп білеміз.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

ДӘЛЕНОВ РУСЛАН ЕРБОЛАТҰЛЫ

Директорлар Кеңесінің Төрағасы


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары
Еңбек жолын 1999 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман қызметінен бастады. 2002 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігі кірісті талдау және болжау Департаментіне қарасты талдау және болжау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2003 жылдың қыркүйек айынан 2005 жылдың қаңтарына дейін ҚР қаржы министрлігі кірісті сараптау департаментінің директоры қызметін абыроймен атқарды. 2008 жылдың 11 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 21 сәуірде шыққан қаулысына сәйкес ҚР ұлттық экономика министрінің Бірінші орынбасары қызметіне бекітілді. «Ерен еңбегі үшін» және өзге де мерейтойлық медалдармен, ҚР ҚМ-нің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

ИБРАИМОВ ҚАЛЫМЖАН УӘЛИХАНҰЛЫ

Директорлар Кеңесінің мүшесі


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитетіне Әлеуметтік сала, жылжымайтын мүлік және талдау Бас басқармасының жетекші лауазымына қабылданды, 1997 жылы қаңтарда Мемлекеттік меншікпен жұмыс бойынша басқарманың бас маманы лауазымына тағайындалған.
1999 жылдың тамызында ММЖК мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс бойынша басқарманың бастығының орынбасары, 2000 жылы қазанда – бастықтың міндеттерін атқарушы, қарашада бастық болып тағайындалған. 2008 жылдың 28 шілдесі мен 7 қарашасы арасында ММЖК Төрағасының орынбасары міндеттерін атқарған, 2008 жылдың 7 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін ММЖК Төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
Қазақстан темір жолының 100- жылдығына мерейтойлық медалымен марапатталған.

БАЖЕНОВ АЛЕКСАНДР ВЛАДИСЛАВОВИЧ

Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры


Внешэкономбанктін мемлекеттік – жеке меншік Дирекциясының Директоры.
Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің МЖӘ бойынша сарапшылық кеңес мүшесі; Ресей Федерациясы Өңірлік дамыту министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі; Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының МЖӘ туралы заңнамасы бойынша сарапшылық кеңес мүшесі; Ресейлік өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының инвестициялық саясат және МЖӘ бойынша Комитет мүшесі; БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның МЖӘ бойынша Мамандар тобының Төрағасының орынбасары; Сыртқыэконбанктің Бірлескен жобасының және «Ресейде мемлекеттік- жеке меншік әріптестікті дамыту» БҰҰ даму Бағдарламасының ұлттық директоры; «ВЭБ-Инновациялар» Қорының Қамқорлық кеңесінің мүшесі; «Алыс Шығысты және Байқал өңірін дамыту қоры» ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; «Шетелмұнай» ААҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ тәуелсіз директоры; Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің «Мемлекеттік- жеке меншік әріптестік» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары.

ЯН ван ШУНХОВЕН

Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры


БҰҰ, БҰҰ ЕЭК біліктілікті арттыру орталығының аға кеңесшісі, Нидерланды Үкіметінің МЖӘ мәселелері бойынша Халықаралық кеңесшісі.
2004 жылы Голландиядағы МЖӘ үлкен жобаларының бірі - мемлекеттік қызметкерлер үшін адам ресурстарын басқару жүйесін бірыңғайландыру бойынша Аға кеңесшісі болды.
2005 ж. басқа «Роттердам кемежайын кеңейту» МЖӘ үлкен жобасы Бас кеңесші болды, ол бойынша Үкіметтің атынан жеке кемежайлармен және порт биліктерімен келіссөздер жүргізген.
2006 ж. Нидерланды Көлік Министрлігінің МЖӘ негізделген Бөлімінің Басшысы болды. Ол басқаратын Нидерландының МЖӘ бөлімі МЖӘ жобаларды анықтау, ірі қарыз берушілермен және зейнетақы қорларымен ынтымақтастықта МЖӘ жобаларды қаржыландыру, мемлекеттік қызметкерлерді МЖӘ сұрақтары бойынша оқыту үшін жауап береді.
Partnership NL құруда бастама қабылдаған, ол МЖӘ бастамасын жергілікті деңгейде ілгері жылжытумен айналысады.