Кәсіби зерттеу және аналитика

 

Баршаға мәлім кез келген зерттеулер мен талдаулардың негізі әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді өндеу болып табылады. Дүниежүзілік экономиканың, өнеркәсіптің және инфрақұрылымның ұзақ жылдар ішінде дамуы қазіргі таңда мемлекеттердің, компаниялар мен жеке адамдардың даму мүмкіндігі туралы көптеген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, толып жатқан мәліметтердің тек қана бар болуы осы сұрақтарға дұрыс және сапалы жауап алынатына кепілдік бермейді. Дұрыс жауап қандай және оған қалай қол жеткізуге болады? – осы екі сұрақ Қазақстандық МЖӘ орталығының талдаушылары үшін маңызды.

Қазақстанда МЖӘ және инфрақұрылым сұрақтары бойынша өзімізді жетекші Think Tank ретінде өзінің орнын анықтайды, біздің кеңесімізді қабылдайтын клиентердің жететін нәтижелері үшін біз өз жұмысымызды терең жауапкершілік сезімімен жасаймыз. Осы себептен біздің зерттеуіміз және аналитикамыз біздің клиентерімізге мемлекеттік және жеке меншік сектордан олар үшін дұрыс және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Біз осыған қалай қол жеткіземіз?

Мақсаттар мен міндеттерді белгілейміз

Дұрыс белгіленген мақсаттар мен міндеттер барынша қысқа мерзімде жоғары сапалы зерттеу мен аналитика өткізуге мүмкіндік береді. Клиентке бағдарланған жоғары стандарттарды ұстана отырып, біз олардың қажеттіліктерін анықтау үшін клиенттермен тығыз жұмыс істейміз, бұл нәтижеге зиянын тигізбей, клиентеріміздің сондай-ақ біздің де уақытты үнемдеуге мүмкін береді.

Мүмкін шешімдерді қалыптастырамыз және ең жақсысын тандаймыз

Инфрақұрылым мен МЖӘ-тің даму облысында ғаламдық және аймақтық үдерістерді терең түсіну, Қазақстанда өтетін макроэкономикалық үдерістерді, жергілікті және халықаралық заңнаманы, үкіметтік бағдарлама мен санақтық көрсеткішті талдау бізге әрбір бөлек алынған жағдаймен жете жұмыс істеуге және солардың негізінде барынша қолайлы шешімді шығаруға мүмкіндік береді.

Өзгерістер енгіземіз

Біздің талдаушылар командамыз министрліктің жетекші құрамдарымен, агенттіктермен, әкімдіктермен, квази-мемлекеттік және жеке серіктіктермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және талдамалы орталықтармен үнемі тығыз жұмыс істейді. Бұл тек нарықтағы нақты жағдайды және ең сапалы шешім мен ұсынымдарды терең түсінуге қол жеткізу ғана емес, көп мөлшерде инвестиция тарту және Қазақстандық экономиканың серпінді дамуына бағытталған жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қазіргі жүйеге қажетті өзгерістер, қосымшалар мен түзетпелер ұсынуға және енгізуге мүмкіндік береді.