Сараптама, жоспарлау және бағалау

 

Инвестициялық жобаларды сараптау және бағалау үкімет деңгейінде шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады. МЖӘ Орталығы жоспарлау кезеңінде шешімдер қабылдау үшін мемлекеттің инвестициялық жобаларын экономикалық сараптау саласында Қазақстан Үкіметіне қызмет көрсетеді. МЖӘ Орталығы қателерді есепке алу және кейінгі жобаларды жоспарлауда тәжірибе үшін аяқталған жобалар бойынша бағалау жүргізеді.


Орталықтың мемлекеттік және де МЖӘ жобалары тәрізді инфрақұрылымдық жобаларын бағалау бойынша тәжірибесі мол болғандықтан, біздің мамандар мемлекет пен жеке капиталдың қатысуымен жобаны құрылымдауға, жобалық басқару стандарттарын қолдану арқылы оны жоспарлауға және оның іске асырылуын сүйемелдеуді қамтамасыз етуге жәрдемдесе алады.