«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
29.08.2017
Қызылорда облысындағы мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша МЖӘ жобасына бастамашылық жасағаны туралы хабарлама
26.08.2017
Барлық жаңалықтар

«Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс жасауы үшін екі ғимаратты құру (жабдықтау) және оларға тиесілі жер телімдерімен бірге оларды мемлекеттік меншікке өткізу және оларға кейіннен Жамбыл облысы Тараз қаласында қызмет көрсету» атты мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы бойынша бастама көтеру туралы хабарлама (тікелей келіссөздер жүргізу)

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379 Заңының (әрі қарай-Заң) 44 бабы 1 бөлігіне сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі атынан «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі тікелей келіссөздер жүргізу тәсілімен «Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс жасауы үшін екі ғимаратты құру (жабдықтау) және оларға тиесілі жер телімдерімен бірге оларды мемлекеттік меншікке өткізу және оларға кейіннен Жамбыл облысы Тараз қаласында қызмет көрсету» атты мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы бойынша (ары қарай – Жоба) бастама көтеретіні туралы хабарлайды.

Мемлекеттік – жеке әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұратылатын төлемдер (әлеуетті жеке әріптестің бастамасы бойынша концепциясына сәйкес):
1. МЖӘ объектінің негізгі құны – 1 232 716 050 теңге;
2. МЖӘ объектінің техникалық пайдаланылуына жұмсалатын шығындардың жалпы құны: – 620 263 600 теңге;
3. Жобаның жалпы кезеңі– 4 жыл;
4. МЖС объектінің техникалық сипаттамасы және параметрлері:
Ауданы 4277 ш.м. құрайтын ғимараттар;
Ғимарттармен байланысты жер телімдерінің ауданы – 0,3492га құрау керек;
Бағасы 41 524 050 теңгені құрайтын мүлікпен жабдықтау (жиҺаз, тұрмыстық техника, асхана және кір жуатын орындардың құрылғысы);
5. Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуі үшін жеке меншікте тұратын МЖӘ объектісін әлеуетті жеке әріптес өзіндік жеке бастамалық тәртібі бойынша (тікелей келіссөздер арқылы) Жамбыл облысы комуналдық меншігіне өткізеді.
Ғимратты мүлікпен жабдықтау, сонымен бірге оған сервистік қызмет көрсету Жеке әріптестің өзінің жеке қаржысы есебінен жұмсалады деп көзделуде;
6. Объектіні құру мен жабдықтауға қойылатын талаптар: 2014 жылдан кеш емес мерзімде соғылған ғимараттар, құрылғылар мен жиһаз (осы сияқты әлеуметтік қорғау объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес). Объектіні пайдалануға қойылатын талап: арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуінсіз техникалық қызмет көрсету;
7. МЖӘ моделі – келісім-шарттық МЖӘ;
8. Заңға сәйкес, Жобамен көзделген шығындарды өтеу және табыс табу көздері:
‒ инвестициялық шығындардың өтемақысы;
‒ МЖӘ объектісін басқарғаны үшін сыйақы.
9. Жобаны жүзеге асырудың барлық мерзімнде мемлекеттік міндеттемелердің сұратылып отырған шығындарыының жалпы бағасының құны – 1 852 979 650 теңге;
10. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Саңырақ батыр көшесі, № 57/3 және № 57/4 үй.
11. Әлеуетті жеке әріптеске қойылатын біліктілік талаптары:
Әлеуетті жеке әріптес Заңның 32 бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарға сай болуы тиіс.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылық танытқан әлеуетті жеке әріптестер, өзінің атынан осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыру туралы баламалы ұсыныстарын тапсырады, ол жерде міндетті түрде келесілер қамтылу қажет:
1. Ілеспе хат – жеке әлеуетті әріптес туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып баламалы ұсыныс, соның ішінде:
– әлеуетті жеке әріптестің атауы және мекен жайы;
– мемлекеттік тиістілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығын (жеке тұлғалар үшін);
– әлеуетті жеке әріптестің атынан өкілдік ететін заңды тұлғаның басшылары мен меншік иелері туралы деректер;
– объектіге қатысты меншік құқығын немесе ұзақ мерзімді жалға беруді растайтын немесе зияткерлік шығармашылық жұмыстары нәтижелеріне ерекше құқығын растайтын әлеуетті жеке әріптеске Заң бойынша тиесілі құжаттар.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес толтырылған МЖӘ Жобасының тұжырымдамасы, соның ішінде:
‒ қаржылық-экономикалық модель (негізгі және кеңейтілген);
‒ растайтын құжаттар мен есептер.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес толтырылған МЖӘ Жобасының келісім –шарт жобасы.

Мүделлерді білдіруге өтінмдерін ұсыну орны, күні және уақыты:

Осы Жобаны жүзеге асыруға қызуғышылық танытқан жағдайда, қызығушылық танытқан адамға талап етілген құжаттарды келесі мекен-жайға тапсыру қажет: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қарахан көшесі, 1 үй, 56 каб., тел. (8726-2) 45-98-83, осы хабарлама жарияланған кезден 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, яғни, 2017 жылдың 29 қыркүйегі күні Астана уақытымен сағат 15-00-ге дейін .

Жамбыл облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Ж.Баубеков

Comments are closed.