«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңның 44 бабына сәйкес, «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік-жекешелік жобасына бастамашылық жасағаны туралы хабарлайды.
Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
1) жобаның ауқымы: мүгедек балаларға арналған 50 төсек орын, қарттар мен мүгедектерге арналған 50 төсек орын.
2. Ғимараттың ауданы: 686,1 ш.м. кем емес.
3. Бюджеттен талап етілетін төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары:
– мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
4. Техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға тиесілілігі: жатпайды.
5. Баламалы ұсынысты ұсынудың соңғы мерзімі: 2017 жылдың 25 қыркүйегі.
Жеке әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім мыналарды:
– әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;
– мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);
– заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;
– меншік құқығындағы немесе ұзақ мерзімді жалға алынған объектіге қатысты растайтын құжаттарды;
– мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын қаржылық бөлімнің тармақшаларынан басқа, ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларға сәйкес құрылым бойынша әзірленген МЖӘ жобасының тұжырымдамасын.
6.Біліктілік талаптары:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
7. Байланысу деректері: «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Қызылорда қ., Б. Асқар,47, 311 каб., 8/7242/271298, жауапты тұлға – Кожбанова Светлана Игібайқызы.

Comments are closed.