«ШЖҚ «Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК» компьютерлік томографты орнату және сервистік қызмет көрсету» МЖӘ жобасы бойынша
30.08.2017
«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
29.08.2017
Барлық жаңалықтар

«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жобаның атауы: Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.
Жобаны іске асыру саласы: Жоба дене шынықтыру және спорт саласы бойынша іске асырылады.
Мақсаты және міндеті: Қазақстан Республикасының аумағындағы нормативтік-құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы.
Жобаның мақсаты Ақай ауылдық округі тұрғындарына спорттық қызметтерді жасау арқылы белсенді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды қамтамасыз ету.
Жобаның міндеті материалдық-техникалық база мен спорттық инфраструктураны, жаппай дене-шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау, жоғары санатты спортшылармен спорт резервтерінің сапалы дайындығын, спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту, салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың сабақтан тыс секциялық жаттығуын өткізу, саланы мамандармен қамту және кадр құрамының білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруды қамтамасыз ету.

«Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:
Тиімді өткізу қабілеттілігі – 52 адам/ауысым;
Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің қабаты – 2;
Жер учаскесінің жалпы көлемі – 0,7 га.
Жобаны іске асыру орны: Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округі.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 7 жыл 10 ай, оның ішінде:
Банкпен келісімдер жүргізу, рұқсат беру құжаттарын дайындау – 2 ай;
Құрылыс кезеңі: 8 ай;
Пайдалану және басқару кезеңі: 7 жыл.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (2014 жылғы 17 қарашадағы №14-0460/14 Қызылорда облысы бойынша «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы) сәйкес, құрылыс мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптес 2017 жылдың 02 қазанына дейін «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсыну керек, сонымен қатар біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттарын көрсетуі керек, осының негізінде біліктілігі бойынша іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі, № 1, қабат 3, № 6 кабинет.
Ұйымдастырушы мемлекеттік органның атауы: «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Байланыс үшін: Жұматов Серік Айдарбекұлы.
8 (7242) 23-06-40; 8 7014216752, факс: 8(7242)23-01-38

Құжаттардың көшірме пакетін сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін және 15.00-ден 19.00-ға дейін Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120000, Ғани Мұратбаев көшесі, № 1 мекен-жайында, 3 қабат, 6 кабинетінен алуға болады.
Көшірме пакеттері сұраныс бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ұсынылады.

Comments are closed.