Жамбыл облысы әкімідігі МЖӘ жобалары бойынша хабарландыру
10.01.2018
Жамбыл облысы әкімдігінің МЖӘ жобалары бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
15.12.2017
Барлық жаңалықтар

«Астана қ. және Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарын кешенді газдандыру» МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Астана қ. және Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарын кешенді газдандыру» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖМӘ) жобасының (бұдан әрі – Жоба) әлеуетті жеке әріптесінің бастамшылдығы туралы хабарлайды

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері(әлеуетті жеке әріптестің жобасының тұжырымдамасына сәйкес):
1.Жобаның жалпы мерзімі 14 жылды құрайды, соның ішінде 4 жыл Астана қ., Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарында тарату желілерін салуға.
2.Жобаның техникалық сипаттамасы мен параметрлері:
– жалпы ұзындығы 2500 км тарату газқұбырларын салу;
– сұйылтылған табиғи газды (бұдан әрі – СТГ) қайта газдандыру станциясын салу – 18 бірл.;
– қайта газдандыру станцияларына және тиісті автокөлікпен СТГ жеткізу үшін кіреберіс жолдары бар логистикалық инфрақұрылымды қамтамасыз ету.
3. Жобаны инвестордың жеке қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Операциялық шығындар өтемақысы, инвестициялық шығындар өтемақысы және объектіні басқарғаны үшін сыйақы есебінен іске асырудың бүкіл кезеңінде мемлекеттік міндеттемелердің болжанған сұратылған жиынтық құны – алдын ала 300 млн теңге.
4. Жеке меншік әріптес мынадай нысандарда МЖМӘ-ға қатысады:
– Жобаның іс-шараларын қаржыландыру;
– тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тарату газқұбырлары мен құрылыстарын салу, жаңғырту (пайдалану кезеңінде) және пайдалану.
5. Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатпайды.
Жоспарланып отырған жоба бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке меншік әріптестер Астана қ және Қазақстан Республикасының солтүстік аудандарын кешенді газдандыруды іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстар ұсына алады.
Әлеуетті жеке меншік әріптеске қойылатын талаптар:
– СТГ-ны сатып алуға қолданыстағы келісімшарттың болуы;
– Жобаны іске асыру аудандарында СТГ қайта газдандыру және тарату газқұбырлары бойынша қолданыстағы қуаттылықтың болуы.
Баламалы ұсыныс тиісті құжаттарды беруді қосқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖМӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мына мекенжайға ұсыну қажет: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 19 блок А, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, тел. 8 (7172) 78 69 38.
Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Comments are closed.