Екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдаланып жеке әріптесті анықтау бойынша конкурсты өткізу туралы хабарлама.
05.02.2018
Жамбыл облысы әкімідігі МЖӘ жобалары бойынша хабарландыру
10.01.2018
Барлық жаңалықтар

«Алматы облысы Қапшағай қаласының тазарту желілерінің құрылысы және қайта жаңарту» жоспарланатын МЖӘ жобасына жеке қаржылық бастама туралы ынта білдіру сұранысы

«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» бұйрығы 1-тарау, 2 бөлімі 1-қосымшасыңың 12-тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік жобаларды жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыруға тарту мақсатында аталған жобаны іске асыруға ынта білдіру сұранысы туралы хабарлайды.
Жобаның атауы:
«Алматы облысы Қапшағай қаласының тазарту имараттарының құрылысы және қайта жаңарту»
Өңірі:
Алматы облысы, Қапшағай қаласы
Саласы:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Жобаның болжамды құны:
“Мемсараптама” РМК-ның 2016 жылғы 16 наурыздағы №18-0182/16 қорытындысы алынған техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес – 5 895 674 000 теңге.
Жобаның мақсаты:
Қапшағай қаласының тұрғындары мен әлеуметтік-мәдени объектілеріне арнап кәріздік (су тарту) қызметтерді ұсыну және көрсетілген қызметтерден кірістер алу үшін Қапшағай қаласы кәріздік (су тарту) желісін жобалау, салу және уақтылы пайдалануға беру.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің түрі:
Алынған ұсыныстар негізінде анықталады.
Жеке серіктестікті анықтау тәсілі:
Тараптардың келісімі бойынша айқындалады
Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары:
Инвестициялық шығындарды өтеу, және тараптардың келісімі бойынша анықталатын шығындарды өтеудің басқа да көздері болуы мүмкін.
Жобаның іске асыру басталу күні:
2018 жыл
Жобаның аяқталу күні:
2020 жыл (қызмет ету мерзімі – 30 жыл)
МЖӘ-нің негізгі параметрлері мен талаптары:
1) Техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес өз қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу;
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу. Соның ішінде, бірақ онымен шектелмей:
– заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы тазарту құрылыстарын қайта құру;
– барлық ағынды суларды тазарту және суды есепке алу процестерін автоматтандыру;
– санитарлық қорғау аймағын қалпына келтіру;
– су есептеу құралдарымен қамтамасыз ету;
– ғимараттар мен қосалқы ғимараттар салу;
– пайдаланылған суды қайта пайдалану;
– өзгеде жұмыстар, ТЭН-не сәйкес.
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 5-тарау 32-бабына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы “Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы” № 165 бұйрығына сәйкес Жоба техникалық жағынан күрделі болып анықталды.
Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі:
2018 жылғы 8 наурыз
Жауапты тұлғаның байланыс телефондары:
Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ауыз сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Бейсбаев Азамат Қанайбекұлы
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26, 508 бөлме
Жұмыс телефоны: 8 (7282) 32-96-71
Ұялы телефон: +7 708 373 82 30
E-mail: voda.gaz.tk@mail.ru

«Алматы облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік орталығы» ЖШС-нің инвестициялық жобалар басқармасының бас маманы
Қалиев Руслан Сулянұлы е-mail: czentr2000@mail.ru
8 (7282) 32-90-79 , ұ,т.: + 7 701 117 35 35

Comments are closed.