Павлодар облысының әкімдігі, «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй.
«Екібастұз қаласына 50 жыл саябағын жаңғырту, аттракциондар және басқа да мәдени-көпшілік ойын-сауықтарды орнату шартымен пайдалануға беру» мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурстың 1-ші кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік серіктестерді қоспағанда, дербес кәсіпкерлер, серіктестіктер, консорциумдар немесе заңды тұлғалар қатыса алады.
Техникалық тапсырмасы бар конкурстық құжаттама тізбесін мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй, сағат 9-00 ден 13-00ге дейін және 14-30дан 18-30ға дейін конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап алуға болады.
Конкурстың 1-ші кезеңі бойынша құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2018 жылдың 7 наурызы сағат 18.30ге дейін.
Жобаны жүзеге асырудың техникалық шешімдері конверттерін ашу 2018 жылдың 12 наурызы, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115 үй мекенжайы бойынша орындалады.
Қатысу шарттары мен талап етілген міндеттер бойынша барлық ақпаратты «Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (7182) 61-87-90 телефоны бойынша, «Павлодар облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (7182) 32-14-30 телефоны бойынша алуға болады.

Comments are closed.