«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ денсаулық сақтау саласындағы келесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы хабарлайды:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, әлеуетті жекеше әріптестермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарланады.
1. Жоба: «Бірыңғай тамақтандыру комбинаты базасында Қарағанды қаласының медициналық ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру».
Жобаны іске асыру кезеңі: 2019-2029 жж.
МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 10 жыл құрайды.
Қызмет түрі: денсаулық сақтау саласында тамақтануды ұйымдастыру.
Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: қызметтерді тұтыну кепілдігі.
Аймақта тауарлар, жұмыстар және қызметтерге нақты қажеттілік: арнайы көлік құралдарымен іске асыру үшін қажетті таратушы объектілерінен ыңғайлы және оңтайлы қашықтықта орналасқан, өнімді дайындау және сақтауға арналған заманауи жабдықпен жасақталған, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін, күніне кем дегенде 3700 адамды құрайтын өндірістік және қызмет көрсету көлемі бар бірыңғай тамақтандыру комбинатын құру, сондай-ақ Қарағанды қаласында 21 денсаулық сақтау объектісі үшін күніне кем дегенде 3 рет тамақ өнімдерін уақытылы үздіксіз жеткізуді жүзеге асырумен орталықтандырылған тағам дайындау бойынша қызметтер (бекітілген стандарттарға сәйкес) көрсету:
«Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы» КМК Қарағанды қ. С.Сейфулин к-сі 11а, «Облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы», Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 93, «Облыстық онкологиялық диспансер» Қарағанды қ,. Кривогуз к-сі, 189, «Облыстық кардиохирургиялық орталық» Қарағанды қ., Крылов к-сі 23, «Облыстық медициналық орталық» КМК, Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 5/3, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КМК, Қарағанды қ., Ержанов к-сі 8, «Облыстық наркологиялық диспансер» Қарағанды қ., Мұқанов к-сі, 35, «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК Қарағанды қ., С. Сейфулин д-лы 13, «Облыстық жақсүйек-бет ауруханасы» КМК Қарағанды қ., Ержанов к-сі, 47/2, «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Қарағанды қ., Охотская к-сі, 2а, «Облыстық тері-венерологиялық диспансер» КМК Қарағанды қ., Архитектурная к-сі, 32, «Облыстық клиникалық аурухана» КМК, Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 15, «Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КМК, Қарағанды қ., Санаторная к-сі, 22, «Облыстық психоневрологиялық диспансер» КМК Қарағанды қ., Гастелло к-сі, 23, Рысқұлов к-сі 1, «Қарағанды қ. №1 қалалық ауруханасы» КМК, Қарағанды қ.,Бирюзов к-сі, 22, «Қарағанды қ. перзентханасы» КМК, Қарағанды қ., Луначарский к-сі, 6 А, «Қарағанды қ. балалар ауруханасы» КМК, Қарағанды қ., К.Либкнехт к-сі, 106 В, «Шапағат» балалар үйі» КММ, Қарағанды қ., Степной-3 ықш.ауд., 5/1, «Ботагөз» балалар үйі» КММ, Қарағанды қ., Кривогуз к-сі 92, «Үміт» оңалту орталығы» КМҚК Қарағагнды қ., Кривогуз к-сі, 96.
Жобалардың техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатуы: жатпайды.
Жекеше әріптестер МЖӘ-ке келесі түрде қатысады: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V ҚРЗ Заңының 31-бабына сәйкес тікелей келіссөздер.
Жобаны инвестордың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға қызығушылық білдірген әлеуетті жекеше әріптестер баламалы ұсыныстар жасай алады.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген, әлеуетті жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге балама ұсыныстар жасайды.
Әлеуетті жекеше әріптес келесі жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет:
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ баламалы ұсыныстарды аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Анықтама үшін: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, мекенжай: Әлиханов к-сі, 2, тел.: +7 (7212) 413368.

Comments are closed.