Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бастамашылық ету туралы хабарлама
12.10.2018
МЖӘ жобаларына бастамашылық жасау туралы хабарлама
12.10.2018
Барлық жаңалықтар

МЖС жобасының ықтимал жекеше әріптестерінің бастамалары туралы хабарлама

«Қарағанды облысының тілдер басқармасы» ММ Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асыру қағидаларының 133 тармағына сәйкес, МЖС жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында осы арқылы «Қарағанды облысының тұрғындарына арналған «Сарыарқа» қазақ тіліне оқытудың интерактивті жүйесі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – МЖС жобасы) ықтимал жеке серіктесінің бастамасы туралы хабарлайды.
Жоба мақсаты: Ақпараттық технологиялар облысындағы жетістіктерді пайдалана отырып, Қарағанды облысының тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту.
Жоба міндеттері:
4. Оқытудың онлайн бағдарламасы платформасының негізінде Қарағанды облысының тұрғындарына мемлекеттік тілді сапалы оқыту.
5. Бірыңғай латын графикасына негізделген қазақ тілінің жазу емлесі ережелері бекітілгеннен кейін латын алфавитін пайдалана отырып, қазақ тіліне оқыту.
6. Жобаның жүзеге асырылатын орны: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы.
МЖС объекті: Ақпараттық технологиялар облысындағы жетістіктерді пайдалана отырып, Қарағанды облысының тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту.

5) МЖС жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
• Интеллектуалды анализінің элементтері бар А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша қазақ тіліне оқытудың онлайн жүйесі қамтамасыз етілуі керек базада бағдарламалық smart-платформаны әзірлеу және қолдау:
o оқытудың ағымдық процесін;
o білім алушының қызығушылықтарын, жынысын, жасын, іс-әрекет саласын және т.с.с. есепке ала отырып, оқу материалын іріктеу;
o алынған білімді бағалау критерийлері.
• Smart-платформа төмендегілерді қамтамасыз ететін модульдер мен кешендер түріндегі барлық қажетті элементтерден тұруы керек:
o дайындық деңгейін анықтау, сауалнама жүргізу;
o оқу процесін дербестендіру;
o оқу процесін қолдау;
o тестілеу;
o мониторинг тәсілі.
• Smart-платформа әр түрлі медиа ресурстар түріндегі оқу материалын дайындау құралдарынан тұруы керек:
o бейне материалдар;
o аудио материалдар;
o ойындар;
o анимация;
o баспа материалдары;
o вебинарлар.
• Қазақ тіліне оқыту кириллицадан латынға көшу бойынша оқытудың арнайы курсынан тұратын латын әліпбиінде жүргізілуі қажет.
• iOS және Android базасында мобильді қосымшаларды әзірлеу және қолдау.
• Жалпы алғанда 4 жылдың ішінде кем дегенде А1, А2, В1, В2, немесе С1 деңгейлері бойынша курстардың біреуінен өткен 12 000 адам оқудан өтуі керек.

– Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 4 жыл (2019 жылдың қаңтары – 2022 жылдың желтоқсаны);
– А1 оқыту деңгейіне арналған оқыту бағдарламасы мен smart-модуль ядросын құру кезеңі: 2019 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың маумысы аралығы;
– А2, В1, В2 және С1 оқыту деңгейлеріне арналған модуль құру мен қызмет көрсету кезеңі: 2019 жылдың шілдесі мен 2022 жылдың желтоқсаны аралығы.

6) Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес, жекеше әріптестің шығынын өтеу мен кіріс алудың келесі көздері қарастырылады:
– 4 жыл аралығындағы қолжетімділік үшін төлем;
7) Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға жатпайды;
8) Ықтимал жеке серіктестерге қойылатын талаптар:

Ықтимал жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» туралы ҚР Заңының 32 бабында анықталған біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асыру қағидаларының 135-тармағына сәйкес, жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес, балама ұсыныстарды, сондай-ақ, осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.
Жекеше әріптестердің балама ұсыныстары өздерінің сипаттамалары мен параметрлері бойынша Хабарламада көрсетілгенге тең немесе жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсы жағына) болуы керек.
Жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, сәйкес құжаттарды Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34, №511 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол немесе поштамен жіберу қажет, тел. +7 /7212/567476.
Балама ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.

Comments are closed.