Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бастамашылық ету туралы хабарлама
16.10.2018
МЖС жобасының ықтимал жекеше әріптестерінің бастамалары туралы хабарлама
12.10.2018
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бастамашылық ету туралы хабарлама

“Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабына сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасы жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы хабарлайды:
• Теміртау қаласының «№2, 4, 5, 16, 22 білім беру мекемелерін және Классикалық лицейін тамақтандыру ұйымдастыру»:
• Теміртау қаласының және Ақтау ауылының «№10, 17, 29, 32 білім беру мекемелерін тамақтандыру ұйымдастыру»;
• Теміртау қаласының «№1, 6, 20, 19, 24 білім беру мекемелерін тамақтандыру ұйымдастыру».

 Жобаларды іске асыру саласы: білім;
 Жобаларды іске асыру орны: Қарағанды облысының Теміртау қаласы;
 Жобаларды іске асыру мерзімі: 2018 жыл;
 Қызмет ету мерзімі: 2019-2028 жылдар;
 Бюджеттен күтілетін төлемдер мен мемлекеттік қолдау шаралары: МЖӘ жобасының шеңберінде мектеп асханаларын ұзақ мерзімге жалға алу шарты бойынша беру, мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету (білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды өтеу);
• Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттіліктер: №1, 6, 20, 19, 24, 2, 4, 5, 16, 22, 10, 17, 29, 32 Теміртау қаласының жалпы білім беру мектептері және Классикалық лицейі;
 Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегейлікке қатыстылығы: қатысты емес.

Әлеуетті жекеше әріптес “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы” 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сай келуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының, 135-тармағына сәйкес жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.

Баламалы өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзімі – 2018 жылдың 12 қарашаны қоса алғанда.
Анықтама үшін: «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ, Қарағанды қ-сы, Алиханов к-сі, 19, тел: +7 (7212) 252602, +7 (7212) 252504.

Comments are closed.