МЖӘ АКАДЕМИЯ ЖАЙЛЫ

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік Академиясы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ жанындағы салалық білім беру орталығы.МЖӘ орталығы елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудағы сараптамалық орталық. Орталықта осы саладағы жоғары білікті, кәсіби шеберлігі шыңдалған  тәжірибелі мамандар еңбек етуде. Мұнда МЖӘ саласындағы және басқа да жобаларға сараптама жасау, консультациялық қолдау көрсету, олардың жүзеге асырылуына сүйемелдеу жүргізумен қатар, экономиканың барлық секторындағы қызметкерлердің МЖӘ бойынша білімін, біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту семинарлары ұйымдастырылып отырады.

МЖӘ Академиясын құрудағы мақсат – экономикадағы инновациялық үдерістерді жандандыратын, оның дамуының сенімді тетігіне айналған, әлеуметтік саладағы, инфрақұрылымдардың қордаланған проблемеларын шешудің ең тиімді әдістерінің бірі – МЖӘ арқылы жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру, білімін шыңдау.

Академиядағы әрбір оқу бағдарламасы нақты бір салада МЖӘ тетіктерін қолдану, ол үшін қолданылатын заңнамалық актілерді үйренуге және нақты аудиторияға қажетті тәжірибелік көмектер көрсетуге негізделіп әзірленеді. Оқытудың тиімді әдістерін заманауи жаңа технологияларды пайдалана отырып, әр түрлі форматтағы сабақтар (интерактивті пікірталас, лекция, шебер-кластар, т.б.) өткізу арқылы тыңдаушылардың МЖӘ жөніндегі біліктілігін арттыру, алған білімдерін экономиканың кез-келген саласында тиімді қолдана білуіне мүмкіндік жасалады.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ