Биометрлік сәйкестендіру негізінде сандық профильді енгізу және бейімдеу

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігіне «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №-379-V  Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 1-тармағына сәйкес әлеуетті жеке әріптестің өтінімі негізінде «Биометрлік сәйкестендіру негізінде сандық профильді енгізу және бейімдеу» (бұдан әрі – Жоба) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын  бастағаны туралы  хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері мен бюджеттен сұрататын төлемдері (әлеуетті жеке әріптес бастаған концепцияға сәйкес):
МЖӘ нысанының жалпы құны –2,7 млрд.теңге;
Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі: 10 жыл, соның ішінде:
Енгізу және бейімдеу мерзімі: 2019 жылдың 2-тоқсаны – 2019 жылдың 4-тоқсаны (6 ай);
Пайдалану мерзімі: 2019-2027 жылдар (9 жыл).

Әлеуетті жеке әріптес жеке меншігіндегі МЖӘ нысанын жеке бастама тәртібімен (тікелей келіссөздер) ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәкілеттілік берген мемлекеттік әріптес меншігіне Бағдарламалық жасақтамамен жабдықтауды табыстайды, сонымен қатар оған қызмет көрсету бойынша сервистік қызмет көрсетуді Жеке әріптестің өз қаражаты есебінен жүзеге асыру жорамалданады.

Жобаға қойылатын талаптар:

  • Саусақ іздерін сканерлеу, бетті және көз қарашығын (Iris) анықтау негізінде көп факторлы биометрлік сәйкестендіру негізіндегі қызметтерді көрсету. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сандық, соның ішінде мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерді жеңілдету және дамыту.
  • Саусақ іздерін сканерлеу, бетті және көз қарашығын (Iris) анықтау негізінде “тірі адамды” livenessdetection анықтауды және бір уақытта бірнеше биометрлік модальдылықты қолдана отырып, қашықтықтан онлайн сәйкестендіруді және авторлық құқық беруді іске асыру.

Шешім келесілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектеліп қалмай, мүмкіндіктер мен компоненттердің толық циклін ұсынуы тиіс:

  • Бір уақытта көптеген факторлар бойынша мультимодальды биометрлік деректерді іздеуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін биометрлік деректер базасы: портрет, саусақ іздері, көз қарашығының суреті. Іздеу жеке басты растау (1:1) режимінде және жеке басын іздеу режимінде (1:N) жұмыс істеуі мүмкін. Деректер базасында бастапқы биометрлік кескінді өңдеу нәтижесінде алынған биометрлік шаблондар ғана сақталады, шаблондар идентификаторын қоспағанда, ешқандай дербес деректер базасында сақталмайды.
  • саусақ іздерін сканерлеу, бетті және көз қарашығын (Iris) анықтау негізінде кемінде үш модальділіқті қолдана отырып, мультимодальды биометрлік профильдер жасау. Жиналатын биометрлік деректер халықаралық стандарттарға, жекелегенде ICAO сәйкес келуі тиіс.
  • мультимодальды биометрлік сандық профильдерді жасауға, жаңартуға және қайта белсендіруге тіркеу сұраныстарын өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі. Сұраныстар тіркелуі, оларды жасау көзінің легитимділігі және осы сұраныстардың құрылымы тексерілуі тиіс. Жаңа профильдердің жасауға сұраныс кезінде биометрлік және дербес деректердің базасында сәйкестіктің жоқтығына тексеру жүргізілуі тиіс, сонымен қатар жеке бастың деректерін жаңартуға және жоюға сұраныстар бірінші кезекте биометрлік параметрлер сәйкес келген кезде жеке бастың қолда бар деректерімен сәйкестіктің дұрыстығының тиісті деңгейінде ғана орындалуы тиіс;
  • сандық профиль сервистеріне қатынау ұсынуға арналған бірыңғай интеграциялық шина;
  • түрлі дерек көздеріндегі азамат туралы мәліметтерді жинауға, агрегациялауға және жинауға арналған бірыңғай платформа, сандық профильді қалыптастыру және қолдану мақсатында қатынауға келісу және қатынау құқығын беру;
  • бір рет қолданылатын құпия сөздерді және авторлық құқық берудің басқа да таралған әдістерін қолдана отырып, мультимодальды биометрлік профильдер мен көп факторлары авторлық құқық беру негізінде онлайн авторлық құқық беруге және сәйкестендіруге арналған бірыңғай платформа;
  • нөлдік бос тұрып қалған қызметтерге қатынау үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін виртуалданатын кластерлік бағдарламалық-аппаратуралық платформасының сұранысы бойынша динамикалық кеңейтілетіні;
  • жүйенің биометрлік авторлық құқық беру сұранысына жауабының уақыты кез келген модальдылық үшін 3 секундтан аспауы тиіс, жүйенің ең жоғарғы өндіргіштігі сұраныс бойынша сервисті бос тұрғызбай жүйенің динамикалық кеңейту мүмкіндігімен бір сағатта 100 мың авторлық құқық беру сұранысынан кем болмауы тиіс;
  • Электронды үкіметтің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электронды қызметтер көрсету үшін “тірі” бетті анықтайтын биометрлік аутентификациялау.
  • Электронды үкіметтің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде электронды қызметтер көрсетуге арналған мультимодальды биометрлік сәйкестендіру және авторлық құқық беру сервисі.

Шешім интегралды, мультимодальды болуы және жүйедегі пысықтауларсыз кемінде 30 миллион профильге дейін кеңейту мүмкіндігімен жүйедегі белсенді қолданылатын биометрлік сандық профильдерінің саны кемінде 20 миллион болатын ұлттық деңгейде өткізу мен тираждаудың расталған тәжірибесіне ие болуы тиіс.
МЖӘ моделі – келісімшарттық МЖӘ;
Жобаны іске асыру сферасы (саласы) – Жобаны іске асыру онлайн режимде қауіпсіз жолдармен мемлекеттік, әлеуметтік, қаржылық және басқа да қызметтерді алу процестерін ақпараттандыру және коммуникациялау саласында жүзеге асырылады.

Жеке әріптестің шығындарды өтеу және пайда табу көздері:

  • мемлекеттік әріптестік жоба бойынша шығындарды өтеуі қарастырылмаған.
  • жеке әріптес табысы коммерциялық секторға қызмет көрсету есебінен қамтамасыз етіледі.

Жобаны іске асыру кезеңіндегі мемлекеттік міндеттемелердің жорамалды сұралатын қосынды құны: жорамалданбайды.
Әлеуетті жеке әріптеске қойылатын біліктілік талаптары:

  • Әлеуетті жеке әріптес Заңның 32-бабында анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
  • Бастапқы деңгейдегі бірыңғай мультимодальды биометрлік шешімді іске асыру мен тираждаудың расталған тәжірибесі.

Жобаланған жоспар бойынша МЖӘ іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы балама ұсыныстарды жасайды.

Мүдделерін білдіру үшін өтінім беру орны, күні мен уақыты:
Осы жоба үшін балама ұсыныстар жасаған жағдайда мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,. Мәнгілік ел даңғ., 8 мекенжайы, тел.:74 13 61, электрондық поштасы a.isanova@mic.gov.kz, бойынша жариялаған күннен бастап 30 күннен  кешіктірмей, яғни Астана уақыты бойынша 15-00 дейін біліктілік талаптарына сәйкес өтінімі мен құжаттарын ұсынуы керек.

Leave Your Comment

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ