Бүгін, Қазақстандық МЖӘ орталығымен “Денсаулық саласындағы МЖӘ-ні қолдану әдіснамасын дамыту” бойынша вебинар жүргізілді. Жалпы 98 адам тіркеліп, тікелей талқылауға 75-ке жуығы қатысып, вебинар тақырыбына сәйкес пікірталас жүргізілді. Қатысушылар құрамы: денсаулық сақтау саласындағы мемлкеттік органдар, жеке кәсіпкерлер, МЖӘ жобалары бойынша әріптестер және МЖӘ саласындағы консультативтік сүйемелдеу көрсетуші ұйымдардан құралды.
Вебинарда қозғалған тақырыптар:
– МЖӘ жобаларын жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен әдістері
– Денсаулық саласындағы МЖӘ-ні қолдану әдіснамасын дамытудың жолдары.
Вебинар барысында денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы негізгі мәселелі сұрақтар мен жалпы МЖӘ институтының дағдарыс уақытындағы одан әрі дамуына байланысты күрделі мәселелер көтерілді, және соның ішінде:
– аталған саладағы МЖӘ объектісін анықтаудағы заңнамашының берген анықтамасы;
– Медициналық сақтандыру қорын сала операторы ретінде тану арқылы МЖӘ шартының тарабы етіп қарастыру бойынша ұсыныстар;
– МЖӘ және Концессиялар туралы заңнамаларының айырмашылықтары;
– Мемлекеттік сатып алу мен МЖӘ-ні нақты айырмашылықтарын көрсету бойынша ұсыныстар.