Бүгін М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы алаңында “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Басқарма Төрағасы Матаев Т. М. пен “ММУ Қазақстан филиалы” Директоры А.В.Сидорович арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында ғылыми-практикалық конференцияға, форумдарға бірлесіп қатысу, оқыту дәрістерін өткізу, “Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік” журналында мақалаларды жариялау мәселелері талқыланды. Магистратурада МЖӘ бойынша мамандықтарды ашу мүмкіндігі, МЖӘ бойынша мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс мүмкіндігі келісілді.
Кездесуден кейін Филиал студенттері үшін “Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту” тақырыбында дәріс өткізілді.