#Кездесу # Нарық #АТ_қаумдастығы #МЖӘ_мүмкіндектері
Бүгін МЖӘ Орталығының кеңсесінде Prime Source — бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, технологиялық шешімдерді енгізу, басқарушылық және АТ-консалтинг Орталығының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде салалық жүйенің мәселелерін және оның шешу жолдары талқыланды, осы саладағы МЖӘ мүмкіндіктері, big data, machine learning, artificial intelligence серпінді бағыттарындағы нарықтың жай-күйі қаралды.
Сондай-ақ, кездесуде роботтандыру және бизнес-процестерді басқару, жүйелік интеграция, деректерді басқару, тәуекел-менеджмент, талдау және болжау саласындағы соңғы инновациялар туралы ақпарат беру бөлігінде Prime Source мен МЖӘ Орталығы арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері қаралды.
ҚМЖӘО баспасөз қызметі