Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым Вице-министрі:
“- МЖӘ-нің стандартты тетігі бойынша елімізде бар болғаны 4 мектеп салынды. Бұл жеткіліксіз! Өткен жылы біз білім беру саласындағы МЖӘ жобасының жаңа тетігін әзірледік. Негізгі мақсат – жобаларды құру, құжат айналымының санын қысқарту.
Айта кету керек, МЖӘ тетігінің жаңа форматында отандық, шетелдік инвесторлар мен құрылыс салушылар тартылатын болады. Білім беру қызметі мемлекетке қалады, ал объектіні техникалық пайдалануды жеке әріптес-құрылыс салушы қамтамасыз етеді. Тағы бір жағымды жайт: бұл тәсіл жергілікті бюджеттерге жүктемені азайтады.”
https://qazaqtv.com/ru/news/society/15544-1000-shkol-postroyat-v-rk-k-2025-godu”>https://qazaqtv.com/ru/news/society/15544-1000-shkol-postroyat-v-rk-k-2025-godu