НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту арқылы жүзеге асады. Бұл туралы “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ фронт-офисінің Вице-президенті Надира Мырзағалиева мәлімдеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА тілшісі.
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы 9 негізгі даму мәселелерін атап өткен. Біріншіден, елді индустрияландыру аясында туризмді дамыту қажеттілігі. Осы бағытта “Қазақ Туризм” компаниясы құрылды, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары туризм индустриясын серпінді дамытудың басты факторларының бірі болып табылады. “Туристік инфрақұрылымы дамыған елдерде бұл сала мемлекеттің және жеке инвестициялардың белсенді қолдауымен дамып келеді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, туризм саласын дамытудың оң халықаралық тәжірибесі жеке инвестициялардың көмегімен туризм саласындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта Қазақстандық МЖӘ орталығы жобалардың жекелеген түрлерін көбейту үшін туристік саланы дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, соның ішінде ең көп баратын туристік аймақтарда санитарлық-гигиеналық тораптар құру бойынша бағдарламалық МЖӘ әзірлеуді жоспарлап отыр” – деді Н. Мырзағалиева. Сондай-ақ , агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту тұрғысынан сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін салу, жөндеу және жаңғырту, жаңа суармалы алқаптарды айналымға енгізу аса қызықты болып отыр. Н. Мырзағалиева атап өткендей, МЖС үлгілері сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тиімді сипатта болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін. Осы қызметтерді тұтынушылардың шоғырлануы жеткіліксіз ауылдық жерлерде шағын жеке компаниялар коммуналдық шаруашылықтың шағын инфрақұрылымын пайдалануды, ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын қызметтер көрсетуге және жалға алуға шарттар жасалуы мүмкін. Осыған байланысты, сондай-ақ бюджеттен қайтарымды қажет етпейтін жобалардың даму үрдістерін ескере отырып, тарифтерді нақтылау арқылы жобалардың өзін-өзі ақтаудың оңтайлы схемаларын дайындау мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар тарифтерді қалыптастыру кезінде халықтың сатып алу қабілетінің мүмкіндіктері ескерілетін болады. Бұдан әрі, Н. Мырзағалиева атап өткендей, бизнестің экономиканың тартымсыз салаларына, мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік саласы болып саналатын қызмет көрсетуге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ бизнес үшін тәуекелдерді азайту мақсатында көптеген жобалар мемлекеттік қолдау шараларымен қарастырылады. ҚР МЖӘ туралы Заңының іске асқан 3,5 жыл ішінде жобалар саны 565-ті құрады.
“Енді МЖӘ жобалардың санынан сапасына көшу қажеттілігі туралы айтуға болады, бұл бюджетке қаржылық жүктемені азайтуды және нысан мен мүліктік кешен түрінде мемлекет ұсынатын активтерде Бизнестің мүдделілігін арттыруды көздейді. Осы мақсатта Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың басынан бастап жобалардың 3 санатын анықтады: I санат бюджеттен жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын толық өтелетін; II санат бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен инвестицияларды ішінара өтеледі; III санат-бюджеттен қайтарусыз, қызмет көрсетуден алынатын ақы есебінен жүргізіледі”, – деді Н. Мырзағалиева. Оның айтуынша, МЖӘ-ні дамыту үшін тағы бір перспективалы бағыт білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін нығайту болып табылады. Мұнда салалық министрліктермен және бизнес өкілдерімен, “Атамекен” ҰКП-мен бірлесіп жұмыс жүргізілуде. Білім және ғылым министрлігінде Бағдарламалық МЖӘ-нің жеңілдетілген процедуралары шеңберінде студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларын мектептерде тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасалады. МЖӘ Орталығы қосымша Министрлікпен жеке мектептерде жан басына қаржыландыру енгізу және мектеп жасындағы балаларды лагерьлерде, санаторийлерде, турбазаларда, ұлттық парктерде және басқа да рекреациялық аймақтарда жыл бойы демалумен қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Бағдарламалық МЖӘ шеңберінде онкологиялық ауруларға арналған медициналық техника сатып алу реті пысықталуда.