МЖӘ саласындағы мамандарды сертификаттау және МЖӘ жобаларын сүйемелдеу және (немесе) МЖӘ жобаларын сараптау бойынша заңды тұлғаларды аккредиттеу институтын енгізу.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылы "МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру тиімділігін талдау және бағалау" аудиторлық іс-шарасын жүргізу қорытындылары бойынша жасалған қорытындысында жергілікті МЖӘ жобалары бойынша сараптамалық сүйемелдеудің әлсіздігі атап көрсетіледі.

Осыған байланысты МЖӘ саласындағы мамандарды сертификаттауды және жергілікті МЖӘ/концессия жобаларына консультациялық сүйемелдеуді және(немесе) сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу ұсынылады.

Аккредиттеу ұйымдарға қолданылады және заңды тұлғалардың белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру құқығын танудан тұрады, ал сертификаттау МЖӘ мамандарының білімі мен дағдыларын тексеруге және растауға бағытталған.

Бастапқы кезеңде МЖӘ саласындағы мамандарды сертификаттау институтын тиімді енгізу үшін ҚР ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП өкілдерінен және МЖӘ CP3P халықаралық сертификатталған мамандарынан тұратын комиссиялар құру көзделеді.

#ҚМЖӘО #сертификаттау #аккредиттеу