Корея компанияларына Қазақстанда МЖӘ аясында аурухана мен жатақхана салу ұсынылды

Оңтүстік кореялық компанияларға Қазақстанда ауруханалар мен жатақханалар салу ұсынылды.

Сеулде жаһандық инфрақұрылымдық ынтымақтастық конференция аяқталды. Форум аясында қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының өкілдері оңтүстіккореялық инвесторлармен оннан астам кездесу өткізді. Оларға Қазақстанда бірнеше жобаларды жүзеге асыру ұсынылды. Солардың ішінде Қызылордада үш жүз орындық аурухананың құрылысы. Атырау және Қапшағай қалаларында канализациялық тазарту құрылғыларының құрылысы. Сондай-ақ Елбасының бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында студенттерге арналған жатақханаларды салу жоспарланған. Сонымен қатар Сеул конференциясының қатысушылары Нұр Сұлтанға шақырылды. Елордада отызыншы қазанда бірінші халықаралық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік инвестициялық форумы өтеді.

Айдос Көбетов, қазақстандық МЖӘ орталығының басқарма төрағасының орынбасары: – Қызылорда қаласында екі жатақхананы қарастырып отырмыз. Оның біреуісі 400 орынға арналған, екіншісі екі жүз орындық конкурс негізінде іске асырылытын болады. Ал жеке тарап болса, студенттерді тұрғызып оларға қызмет көрсетумен қатар бизнес, яғни рұқсат етілетін бизнесті іске асырады. Столовая, магазиндер, шаштараз тағы да басқа бизнестерді ашу арқылы өзінің қаражатын бизнесін орнын толтыра алады.

Ақпарат таратушы: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/339582-koreya-kompaniyalaryna-aza-standa-zhata-khana-salu-synyldy

Previous ШҚО-да цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда

Leave Your Comment