ҚАЛА ОРТАЛЫҒЫНАН ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРДА 12 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында бүгінгі таңда тұрғындарға 36 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Алғашқы жартыжылдықта жаңа 5 медициналық ұйым ашылып, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыстар жолға қойылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 9 млрд. теңге қаралып, медицина ұйымдарының базасын жаңарту жұмыстары 71 пайыздан 81 пайызға жетті.

Биылғы жылы 6 медициналық ұйымның ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы бес жыл ішінде 10 медициналық ұйымның құрылыстары қолға алынбақ. 2023 жылға дейінгі мерзімде қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынатын болады.

ҚАЛА ОРТАЛЫҒЫНАН ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРДА 12 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНАДЫ (www.gov.kz)

Previous ШҚО-да цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда

Leave Your Comment