#Маңғыстау #Көгалдандыру #МЖӘ
Жобаны іске асыру аясында жеке әріптес 5,2 млрд теңгеге жұмыстарды орындауды жоспарлап отыр.
– Нәтижесінде қаланың жасыл қоры кеңейтіледі, отырғызылған ағаштар саны 25 000 бірлікті, жасыл көгалдар – 5 000 шаршы метрді, гүлдер – 787 500, оның ішінде 40 000 раушан гүлін құрайды. Сондай – ақ, ұзындығы 7 000 метр болатын бұталарды отырғызамыз, – деді Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков.