Сарапшы: «Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақтар – тырнақшада МЖӘ жобасы»

«Нұр-Сұлтан қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» МЖӘ жобасы тұрақ орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жүзеге асырылады. Алайда, жақында ақылы автотұрақтарға байланысты Алматы қаласында орын алған оқиғалардың нәтижесінде автотұрақтарды қала меншігіне қайтарумен аяқталған жобаның тиімділігі елорда тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларының тарапынан сынға алынуда.

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ МЖӘ жобаларын зерттеу және бағалау департаментінің сарапшысы Талант Мықтыбеков аталмыш жоба бойынша 2019 және 2021 жылдар аралығында ақылы тұрақ орындары бойынша жеке әріптес болып табылатын «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС атына бағалау қорытындылары туралы 3 хабарлама жіберілгенін хабарлады.

Мысалға, 2020 жылғы бағалау қорытындылары бойынша құжаттарда ақылы тұрақ аймақтарының шегіне кіретін жеке автокөлік ағынының төмендеу деңгейін арттырудың сандық көрсеткіші белгіленбеген. Сондай-ақ, құқықтық сүйемелдеусіз жеке серіктес паркоматтарды орнатуды жүзеге асыратындығы және оларды іске асырудан табылған қаражат Мемлекеттік әріптестің де үлесінде екені анықталды.

Өкінішке орай, аталмыш жоба тұрақ орындарының тапшылығы мәселесін шеше алмады, өйткені тұрақ кеңістігі қолданыстағы инфрақұрылымда тұрақ желісін кеңейтпестен жабдықталған. Ақылы тұрақ орындарының негізгі бөлігі азаматтардың тұрғын үйлерінің жанында, сондай-ақ тұрғын үйлер арасындағы аудан ішіндегі аумақта екендігі анықталды, осылайша халықтың баламалы тегін тұрақ орындарына қолжетімділік деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Жалпы алғанда, стейкхолдерлердің жобаны іске асыру процесінде жіберілген қате шешімдері жобаның алдына қойылған игілікті міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік бермеді.

Жоба туралы

Ақылы тұрақ орындары бойынша Жеке әріптес «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мемлекеттік әріптес және әзірлеуші болып табылады. Сараптаманы «Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау орталығы» ЖШС жүргізді. Нысанның құны 1 784,8 млн. теңгені құрайды.

Жобада автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ақылы тұрақ кеңістігін одан әрі басқара отырып, ақы алуға және көлік құралдарының тұрған уақытын есепке алуға арналған жабдықты қоса алғанда, техникалық құралдармен және тұрақ инфрақұрылымымен жалпы алаңы 30,9579 га 536 жер учаскесінде (тұрақ) ақылы тұрақ орындарын құру көзделген.

Жоба жергілікті деңгейде іске асырылады және әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған жергілікті МЖӘ жобасы бойынша бюджеттен төленетін төлемдердің жалпы сомасы ЖАО МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитінің 2%-дан астамын құрайды.

Ақылы тұрақ орындарын ұсыну бойынша көрсетілген қызметтер үшін жекеше әріптес әкімдіктің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №108-2602 қаулысымен белгіленген тарифке сәйкес тұтынушылардан ақы алады. МЖӘ шартына сәйкес меншікті қаражат 18,7 млн теңгені (1%), қарыз қаражаты – 1 847 млн теңгені (99%) құрады, ақылы тұрақ үшін төлем 1 сағатқа 100 теңгені құрайды.

Previous Білім беру саласында іске асырылған табысты жобалардың бірі – BINOM School болып табылады

Leave Your Comment