МЖӘ саласындағы мамандарды халықаралық сертификаттау

Елімізде МЖӘ дамуы, ең алдымен, халықаралық стандарттарға сай білікті мамандардың болуына байланысты. Осыған орай, МЖӘ орталығының мамандары МЖӘ мамандарының кәсіби біліктілігін растайтын APMG сертификаттау бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

МЖӘ саласындағы сертификаттық оқу бағдарламасын ірі даму институттары мойындаған «PPP Expertise Eurasia» (Лондон, Ұлыбритания) компаниясы жүргізді. Оқыту үш модульді қамтиды: «МЖӘ негіздері», «МЖӘ дайындығы» және «МЖӘ іске асыру».

МЖӘ Орталығының қызметкерлері жоғары деңгейдегі Execution емтиханын тапсыру және мамандарға «МЖӘ саласындағы сертификатталған маман (CP3P)» халықаралық біліктілігін беру үшін міндетті кезеңдер болып табылатын APMG CP3P халықаралық бағдарламасының екі деңгейін сәтті аяқтады. Мамандарды оқыту Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қолдауымен жүзеге асырылды.

Орталық МЖӘ қауымдастығының мүшелеріне APMG International халықаралық сертификатын алуға көмектесу үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыруда.

Осылайша, қазіргі уақытта МЖӘ орталығы Азия даму банкінің қолдауымен әкімдіктер мен министрліктер өкілдері үшін APMG сертификаттық тренингтер ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл қызметтің мақсаты МЖӘ жобаларына бастамашылық етуге және әзірлеуге, халықаралық стандарттарға сәйкес МЖӘ тетігі бойынша жобаларды анықтауға, құрылымдауға және іске асыруға тікелей қатысатын тұлғалардың әлеуетін арттыру болып табылады.

Болашақта МЖӘ орталығының сайтында білікті МЖӘ мамандарын іздестіруге және жұмысқа қабылдауға септігін тигізетін сертификатталған МЖӘ мамандарының тізілімін жүргізу көзделіп отыр.

Previous Ислам даму банкі МЖӘ жобаларын қаржыландыруға дайын

Leave Your Comment