МЖӘ орталығының өкілдері АХҚО Жасыл қаржы орталығының мамандарымен қаржыландыруды тарту бойынша мәселелерді талқылады.
ЖҚО сарапшылары әлеуметтік тұрақты экономикалық қызмет туралы түсінік беретін және нарыққа компанияның немесе инвестициялық өнімнің әлеуметтік көрсеткіштерін талдаудың пайдалы құралын ұсынатын «Әлеуметтік таксономия» жобасын таныстырды. Тараптар әлеуметтік таксономия құралдарын пайдалана отырып, МЖӘ пилоттық жобасын іске асыру аясындағы серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.
Сондай-ақ, МЖӘ орталығы ағымдағы жылдың 27-29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Astana Finance Days халықаралық қаржы конференциясына қатысуға дайын екенін атап өтті.