«SK Ecoplant» МЖӘ жобаларының серіктесі болуға дайын

Кездесуде бұрынғы «SK Engineering & Construction Co Ltd» компаниясы, қазіргі «SK Ecoplant» (Корея) өкілдері Қазақстанда МЖӘ жаңа салаларын дамытуға қызығушылық білдірді. Компания қазір консорциум аясында Үлкен Алматы айналма жолының концессиялық жобасын жүзеге асыруда, оның құрылысы «SK Ecoplant» болжамы бойынша келесі жылы аяқталады.

«SK Ecoplant» өкілі: «Біз орта мерзімді перспективада Қазақстандағы қандай жобалар үшін тәжірибеміз пайдалы болатынын түсінгіміз келеді» деп атап өтті.

Компания атауының өзгеруі бизнес бағдарының эко-бағытқа (суды тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздері) өзгеруін білдіреді, сондықтан компания елдегі канализациядық-тазарту құрылыстарын жоспарлы жаңғырту аясында ерекше қызығушылық танытты.  

«SK Ecoplant» портфелі негізінен әлемдегі ең ұзын аспалы көпір – Түркиядағы «Чанаккале» көпірі секілді ауқымды жобалардан тұрады. Ал компанияның өзі шетелде инфрақұрылым саласындағы МЖӘ жобаларын жүзеге асырғаны үшін үш рет «Global Financial Award» сыйлығына ие болды. 

Previous Өзбекстанда МЖӘ бойынша халықаралық дөңгелек үстел өтті

Leave Your Comment