МЖӘ тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралы ретінде

«ЕАЭО+ мемлекеттеріндегі тұрақты дамуға арналған МЖӘ» дөңгелек үстелі аясында МЖӘ Дамыту орталығы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін МЖӘ маңыздылығы туралы мазмұнды диалогқа құрды.

Дөңгелек үстелге халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Ресей, Беларусь Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстанда бүгінде ТДМ орындауымен тікелей немесе жанама байланысты (білім, денсаулық сақтау, көлік, инфрақұрылым және т.б.) іске асырылып жатқан және жоспарланған МЖӘ жобаларының жеткілікті үлкен рөлі бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда МЖӘ жобаларының аясында кемінде 10 ТДМ жүзеге асырылуда.

Осылайша, МЖӘ жобаларына инвестициялар экономикалық және әлеуметтік прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болып табылатынын ескере отырып, МЖӘ алдында жаңа міндет – «баға мен сапаның ара қатынасы» (“Value for Money”), ғана емес, сонымен бірге «тұрғындар үшін құндылықты» (“Value for People”) , «ғаламшар үшін құндылықты» (“Value for Planet”)қамтамасыз ету,  сондай-ақ МЖӘ жобаларындағы ESG (Environmental, Social, Governance) қағидаттарына бағдарлану болып табылады.  

Previous Цифрландыру инвестиция тарту құралы ретінде

Leave Your Comment