МЖӘ саласындағы сертификатталған маман CP3P®


Азия даму банкінің қолдауымен бүгін МЖӘ Орталығының мамандары, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандары үшін “МЖӘ саласындағы сертификатталған маман CP3P®” – Foundation 1-ші деңгейлі халықаралық бағдарламасы бойынша оқыту басталды.

Аталмыш оқыту бағдарламасы “МЖӘ бойынша басшылық” материалдары бойынша өзіндік дайындықты, нақты уақыт режимінде жаттықтырушылармен жұмысты, сынақ және қорытынды емтиханды қамтиды.

МЖӘ саласындағы сертификаттау бағдарламасы әлемдік ірі даму институттары мойындаған МЖӘ саласында мамандар даярлаудың халықаралық бағдарламасы болып табылады, сондай-ақ үш емтиханды қамтиды: “МЖӘ негіздері”, “МЖӘ дайындау” және “МЖӘ іске асыру”. Бұл ретте МЖӘ негіздері бойынша емтиханды сәтті тапсыру жоғары деңгейдегі екі емтиханды тапсыру үшін басты шарт болып табылады.

Previous МЖӘ жобалары бойынша жұмыс кездесуі

Leave Your Comment