Кездесу аясында диспетчерлеу, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағыттары бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы МЖӘ-нің перспективалық жобалары талқыланды.
МЖӘ тетігі арқылы ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында холдинг «бағдарламалық МЖӘ» құралын қарастыруда. Бұл құрал саладағы көбейтілетін МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдерін оңтайландыруға және МЖӘ жобаларының қатысушылары үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, барлық МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдерін цифрландыру мәселелері және осы бағыттағы бірлескен жұмыстың перспективалары талқыланды.