МЖӘ қайта қарау: қандай түзетулер ұсынылуда?

Мемлекет басшысы тапсырған МЖӘ заңнамасын жаңашаландыру мәселесін шешу үшін МЖӘ Орталығы заңнамаға шұғыл түзетулер енгізу бойынша ұсыныстар пакетін дайындады. Түзету жұмыстары сарапшылармен, кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

Ресми хат жазысудан басқа, талқылаулар жұмыс режимінде мессенджерлер арқылы өткізілді, сондай-ақ төрт онлайн кездесу өткізілді. Сындарлы сын, нақты ұсыныстар енгізетін жекелеген сарапшылардың жоғары кәсібилігін, олардың нәтижеге қол жеткізуге бағытталғандығын атап өткен жөн.

Жаңа түзетулерге сәйкес келесідей өзгертулер енгізу ұсынылды:
– МЖӘ мен мемлекеттік сатып алулардың араласу факторын жою-МЖӘ жобасында екі кезеңнің міндетті түрде болуын нақтылау: инвестициялық және пайдалану;
– МЖӘ объектісі ұғымына жаңаша көзқараспен қарау және одан жұмыстар мен қызметтерді алып тастау, өйткені МЖӘ туралы заңның барлық нормалары тек материалдық объектілерге ғана қатысты;
– сервистік келісімшарт ұғымын өзгерту, оған МЖӘ объектісі жеке меншікте қалатын шарттарды ғана жатқызу ұсынылады;
– жеке бастаманы іске асырудың конкурстық рәсімін енгізу.

Аталмыш үрдіс өз жалғасын әлі де табуда, алдағы уақытта жоспарланған бірнеше кездесулер бар.

Previous МЖӘ Орталығы мен Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық меморандумға қол қойды

Leave Your Comment