Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын және “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Комплаенс қызметінің жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталды.
Аталмыш тапсырманы орындау үшін сыртқы тәуелсіз сарапшы, “AMANAT” партиясы филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Савкин жұмысқа тартылды.
Өткізу мерзімі – 2022 жылғы 1-30 қыркүйек.