МЖӘ саласында қандай өзгерістер күтілуде – Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысымен сұхбат

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласына тікелей немесе жанама әсер ететін бірқатар реформаларды белгіледі.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Надира Мырзағалиева «Ruh.kz» порталына берген сұхбатында МЖӘ саласында қандай өзгерістер күтілетіні туралы айтты.

Егер 2022 жылғы Жолдаудың тікелей тезистері туралы айтатын болсақ, онда инновациялар мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа моделін құруға қатысты сөз қозғалды. Бұл тезис ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Президент тапсырмаларының қисынды жалғасы болып табылады.

2022 жылғы 21 қаңтарда отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев елге инвестициялар тартудың тағы бір бағыты мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қайта жүктеу болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл үшін үкімет мемлекеттік жеке әріптестікке жаңа заманауи тәсілдерді әзірлеуі тиіс. Бұл ретте міндеттер, кепілдіктер, тәуекелдер мен кірістер бастамашылар мен мемлекет арасында теңгерімді бөлінуге тиіс. Президент бюджетке барлық кәсіпкерлік тәуекелдер берілмеуі тиіс екенін атап өтті. Ультра льготалар мен супермаржиналдылықты қамтамасыз етуді алып тастау қажет. Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген сөзінде мемлекет пен жеке меншік серіктестігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өтетінін атап өтті. Мәселені жедел шешіп, осы саланы реттейтін шаралар қабылдау қажет. Жұмыс нәтижелері бойынша үкімет «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заңды түбегейлі жаңарту мәселесін қарауға тиіс.

Дереккөз: «Ruh.kz» ақпараттық порталы

Previous ШҚО-дағы жоспарланаған жобалар бойынша қызығушылық…

Leave Your Comment