<p>Бүгін Қазақстандық МЖӘ Орталығы "Kazakh Invest "ҰК" АҚ француз компанияларының өкілдерімен кең форматта ұйымдастырылған (51 қатысушы) бейнеконференцияға қатысты.</p> <p>Бірқатар тұсаукесерлер барысында "Kazakh Invest "ҰК" АҚ-ның әріптестері ауыл шаруашылығы, энергетика және тау-кен металлургия секторларын қоса алғанда, Қазақстан экономикасының түрлі секторларына инвестиция тарту мүмкіндіктері туралы айтты. Бұдан басқа, бастамашылар мемлекеттің ШОБ-ты, жергілікті және шетелдік инвесторларды қолдау бойынша қабылдаған шаралары, шетелдіктердің біздің елде болуы кезіндегі визалық қолдау және рәсімдер туралы айтып берді.</p> <p>МЖӘ орталығының #фронт-офисінің бірінші вице-президенті Шынасыл Ерназар мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің мүмкіндіктері мен тетіктері туралы айтып берді.</p> <p>CCI France Kazakhstan компаниясының президенті Gerard Fries мырза осы бейнеконференцияны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы ниетін білдірді.</p>
