CP3P МЖӘ саласындағы сертификатталған мамандар

2022 жыл бойы PPP Expertise Eurasia Азия-Тынық мұхиты жобаларды дайындау қоры (AP3F) «Қазақстан МЖӘ орталығы» АҚ көрсеткен техникалық көмек шеңберінде сертификаттау және өткізу жөніндегі халықаралық орган аккредиттеген «CP3P МЖӘ саласындағы сертификатталған маман» мәртебесін беру, APMG International емтихандарын өткізу үшін үш Халықаралық емтихан тапсыруға дайындық бойынша онлайн-оқытудың 3 деңгейін өткізді.
AP3F техникалық көмектің негізгі стратегиясы Қазақстанға БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарының күн тәртібі шеңберінде дамудың орта мерзімді мақсаттарына қол жеткізуге және жаһандық міндеттемелерді орындауға көмек көрсету болды.
APMG International бағдарламасы МЖӘ шеңберінде жобаларды басқару туралы мамандандырылған білімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін МЖӘ-нің үздік тәжірибелерін таратуға бағытталған.
Курс шеңберінде оқытуға «Қазақстан МЖӘ орталығы» АҚ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы және Астана әкімдіктері, «Turar Healthcare» КЕАҚ, «Алматы даму орталығы» АҚ және «Astana INVEST қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.
6 айлық онлайн оқыту, атап айтқанда, жарыстар, қатысушылар жазған эсселерді кросс – бағалау, аудио және бейне сүйемелдеу, білімді тексеруге арналған тесттер, іскерлік ойындар, 3 емтихан және әрине, қарқынды өзіндік жұмыс – мұның бәрі қазір артта қалды. Осы ауқымды жұмыстың нәтижесі өзін күттірмеді, 2022 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанда МЖӘ саласында СРЗР сертификатталған 38 маман пайда болып, олар әлемдік деңгейде МЖӘ саласында тиісті біліктілік пен кәсібилік тұрғысынан мойындалды.
Сонымен қатар, Азия даму банкінің (ADB) командасына, атап айтқанда Изабель Шош, Ботагөз Ваисова және Алмазбек Ғалиевке, сондай-ақ PPP expertise Eurasia жаттықтырушылары Сергей Самолис пен Ремир Мукумовқа үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Previous Алматы қаласында МЖӘ жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

Leave Your Comment

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ