Шымкент қаласының әкімдігі атынан Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Назарбаев 10 орналасқан «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ төмендегі жоба бойынша конкурс тәсілдерін пайдалана отырып, төмендегі жобалар бойынша конкурстық рәсімдерді пайдаланып, жекеше әріптесті анықтау туралы хабарлайды:
- «Шымкент қаласы, Абай ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау»;
- «Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау»;
- «Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау»;
- «Шымкент қаласы, Қаратау ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау»;
- «Шымкент қаласы, Туран ауданының магистральдық көшелерін абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау»
- «Шымкент қаласының саябақтарын, скверлерін және аллеяларын абаттандыру және күтіп ұстау».
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Конкурсқа қатысуға және конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін 9.00-ден 13.00 дейін және 15.00-ден 18.00 дейін 2023 жыл 27 қаңтар мен 2023 жылдың 07 ақпан аралығында «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ-не келіп алуға болады. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық құжаттаманың көшермесін алу уақытында журналға тіркелуі тиіс. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Назарбаев 10, «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ-сі.
Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 07 ақпан 2023 жылдан – 20 ақпан 2023 жыл аралығында сағат 18:00-ге дейін «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ-інде қабылданады.
«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ-де 2023 жылғы 06 ақпанда сағат 13-00-ден 17-00-ге дейін конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу ұйымдастырылады.
Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдері 2023 жыл 27 ақпан 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Назарбаев 10 қабылданады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2023 жылғы 27 ақпан күні 16:00-де «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ-інде ашылады.
Анықтамалық ақпаратты «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» ММ мына телефон арқылы алуға болады: 87084785894.