Өткен жылы елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында құны 350 млрд тенге болатын 39 жобаны жүзеге асыру бойынша келісім жасалды. Олардың басым бөлігі Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылуда. Басымдылық денсаулық және энергетика мен тұрғын-үй салаларына тиесілі.
МЖӘ Орталығының Бюджеттік инвестицияларды зерттеу және бағалау департаментінің директоры Аяулым Айтжанова “Жаңа уақыт” бағдарламасындағы сұқбатында баяндады.