Алматы қаласында МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Алматы қаласында 200 төсектік халықаралық аурухана салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Алматы қаласында 200 төсектік халықаралық аурухана салу және пайдалану»

Жобаны іске асыру саласы (аясы): Жоба денсаулық сақтау саласында іске асырылуда.

МЖӘ жобасының мақсаты: Алматы қаласының, Алматы облысының халқына, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындарына, сондай-ақ шетел азаматтарына заманауи медициналық көмек көрсететін 200 төсектік заманауи халықаралық көпбейінді аурухана салу және пайдалану.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

– JCI немесе HAAS халықаралық стандарттары бойынша заманауи халықаралық көпсалалы аурухана құру;

– ҚР халқына медициналық көмектің сапасын арттыру үшін база құру және жаңа технологияларды енгізу;

-шетелдік әріптес клиниканың қатысуымен аурухананы пайдалануды қамтамасыз ету;

– халықаралық тәжірибе мен медициналық қызметтердің сапасы есебінен Қазақстанда медициналық туризмді дамыту.

МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты: 200 төсектік тәулік бойы стационар, 10 операциялық зал, диагностикалық бөлімше, клиникалық-диагностикалық орталық.

Аурухананың барлық үй-жайларының ауданы 45 000 м2 аспауы тиіс.

Жобаны іске асыру орны: Алматы облысы, Алматы қаласы, Құлжа күре жолының бойы, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: жобаның алдын ала мерзімі: жобалау және салу 36 айға дейін, пайдалану 10-15 жылға дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2023 жылғы «11» маусымға дейін техникалық тапсырмаға сәйкес техникалық ұсынысты беруі, сондай-ақ ҚР «МЖӘ туралы» Заңының 32-бабына сәйкес оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

Әлеуетті жеке әріптестің техникалық ұсыныстарды орналастыру күні мен уақыты туралы мәліметтер: 2023 жылғы 11 маусым – 18:00 сағ.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қонысбекқызы Эльмира тел. 8 (727) 228-80-17, e-mail: menesheva07@mail.ru

Қажетті ақпаратты сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 555.

Техникалық тапсырма (Жүктеу).

Previous Қалдықтарды өңдеу саласындағы МЖӘ және оның тиімділігі

Leave Your Comment