8-9 маусымда Сочиде Еуразиялық Даму Банкінің (ЕАДБ) ұйымдастыруымен Еуразиялық конгресс өтті. Аталмыш шараға ондаған елдердің өкілдері жаһандық сын-қатерлер жағдайында Еуразиялық кеңістікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Еуразиялық конгресстің басты тақырыптар трансшекаралық мемлекеттік-жекешелік әріптестік, цифрлық трансформация және Еуразия аумағында жаңа шаруашылық құрылым қалыптастыру, өнеркәсіп саласына инвестициялар, көліктік логистика және су-энергетикалық кешен шеңберінде болды.
Конгреске Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының атынан Басқарма төрағасы Самат Сағындықов пен басқарушы директор Айдос Көбетов қатысты.
Бірінші күні ЕАДБ «Трансшекаралық мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)» талдамалық баяндаманың тұсаукесерін өткізді, онда трансшекаралық МЖӘ жобаларын қолданудың нақты салалары айқындалған және ЕАЭО және Орталық Азия елдерінде трансшекаралық инфрақұрылымды дамыту үшін олардың әлеуетіне баға берілді.
Еуразиялық конгресс шеңберінде сарапшылар билік, бизнес, қаржы институттарының өкілдерімен бірге өңірдің маңызды мәселелерін талқыланған сессиялар өтті. Сессиялардың бірі Самат Сағындықов сөз сөйлеген инвестициялық жобаларды іске асыру тетігі ретінде трансшекаралық және еларалық мемлекеттік-жекешелік әріптестікке арналған. Басқарма төрағасы ЕАЭО елдерінде ақпараттық жүйелерді құру немесе Source ақпараттық жүйесін және бірыңғай стандарттары бар жалпы pipeline жобаларын енгізу инвесторлармен әріптестік мүмкіндіктерін ашық жоспарлауға және бір жазықтықта талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, өткен конгресс шеңберінде бірлескен трансшекаралық жобаларды іске асыру үшін күш-жігерді біріктіру мақсатында ЕАДБ елдері мен Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті үйлестіретін орталықтар арасында меморандумға қол қойылды.