Бүгін, 16 маусымда Алматы қаласының жанында Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮАААЖ) ашылды.
Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық даму банкі және Ислам даму банкі болып табылатын жоба кредиторларының өкілдері қатысты. МЖӘ Орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Мұхамед Кабульдинов та автожолдың ашылу салтанатына қатысты.
ҮАААЖ – Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық мемлекеттік-жекеменшік жоба. Автожол салу жобасы жобалық қаржыландыру саласындағы ең беделді жобалардың бірі жыл сайынғы PFI Awards 2020 сыйлығымен Еуропадағы жылдың көлік мәмілесі ретінде танылды.
Трассаның ұзындығы – 66 км. Бұл ретте алты жолақты жолдың ұзындығы 52 км, төрт жолақты жолдың ұзындығы – 14 км. ҮАААЖ Қаскелең маңындағы Қырғауылды кентінен басталып, Талғар маңындағы Қызылқайрат кентінде аяқталады. Автожол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елді мекен арқылы өтеді. Автожол Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзиттік дәлізінің негізгі буыны болуы тиіс.
#kzppp #КазцентрГЧП #МЖӘорталығы