Тікелей келіссөздерге өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Өгем өзеніндегі су электр станциялар каскады бар Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырын салу» МЖӘ жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс жариялайды.

МЖӘ жобасының атауы: «Өгем өзеніндегі су электр станциялар каскады бар Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырын салу»

МЖӘ жобасының мақсаттары: Түркістан облысының орталықтандырылған электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйесінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін су электр станциялары каскадын салу және пайдалану

МЖӘ жобасының міндеттері:

  • Орталық сумен жабдықтауға және электр энергиясының көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Облыстың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту;
  • Техникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан оңтайлы болып табылатын ноу-хау мен жабдықты қолдану.

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

АтыӨлшем бірлігіСаны
Станциялық торабыдана5
Пайдалану жолкм39,8
Электр тасымалдау әуе желілері 10 кВкм32,0
Электр тасымалдау әуе желілері 35 кВкм4,43
Электр тасымалдау әуе желілері 110 кВкм50,8
Тас пен топырақ бөгетідана2
Су қоймасы ГЭС-1  
су аймағы, қалыпты ұстау деңгейі 1158,0м болғандакм22,89
толтыру көлемдері, Wполезнмлн м326,45
Су қоймасы ГЭС-2  
су аймағы, қалыпты ұстау деңгейі 1105,0м болғандакм20,91
толтыру көлемдері, Wполезнмлн м33,91
Бұру туннелі d=5,4мкм12,73
Топтық су құбыр d=1,4м, 2 тармақкм41,0
Резервуар сыйымдылығы 1400 м3дана2
Ауыстыру камераларыдана13

МЖӘ жобасының тиімділігінің негізгі критерийлері:

Көрсеткіштердің атауыӨлшем бірлігіГЭС-1ГЭС-2ГЭС-3ГЭС-4ГЭС-5Барлығы
Орнатылған қуаты, NгэсМВт501044472
Орташа жылдық электр энергиясын өндіру, ЭгэсГВт*ч58,342,529,030,730,2190,8
Ауыз сумен қамтамасыз етумлн м3 / жыл     110

Топтық су құбырын салу нәтижесінде Түркістан облысының 6 ауданы жылына 110 млн м3 ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік аймағындағы электр энергиясының тапшылығын азайту үшін Өгем өзенінде бойында 2 ГЭС каскады және белгіленген су өткізгіштің бойында 3 ГЭС, толық орнатылған қуаты 72 МВт, тұтынушылар үшін 190,9 ГВт/сағ экологиялық таза электр энергиясын өндіреді.

МЖӘ жобасын іске асырудың жоспарланған мерзімі: 25 жыл, соның ішінде

Инвестициялау кезеңі – 2023–2027 жж.

Инвестициядан кейінгі кезең – 2028–2047 жж.

Ұсыныстар мен ескертулерді қараудың соңғы мерзімі: Жарияланған күннен бастап 45 күнтізбелік күн

Ұсыныстар мен ескертулерді беру тәртібі: әлеуетті жекеше әріптес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 4-тарауына сәйкес тікелей келіссөздер жүргізуге бастамашылық ету туралы өтініш жібереді.

Тікелей келіссөздер жүргізуге ұсыныстарды белгіленген мекенжайы бойынша жіберуге болады:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс

Previous Түркістан облысында жекешелік әріптесті анықтау мақсатында конкурс өткізу бойынша хабарлама

Leave Your Comment