Алматы облысында МЖӘ Академиясының ұйымдастыруымен екі күндік семинар өтті

Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысуымен “Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру” тақырыбында екі күндік семинар өтті.

Аталған семинардың өзектілігі денсаулық сақтау және спорт саласындағы МЖӘ жобаларын жоспарлайтын Алматы облысы әкімдігінің сұрауына сәйкестендірілген. Семинар бағдарламасы негізгі заңнамалық аспектілермен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ саласындағы практикалық кейстермен және халықаралық ұсынымдармен де қамтылған.
Қатусушылар материалдың сапалы берілуін және курстың құрылымын атап өтті. Барлық тыңдаушылар өз сұрақтарына лекторлардан егжей-тегжейлі түсініктемелер алды, бұл тақырыптарды терең түсінуге және жобаларды табысты іске асырудың алғышарттарын жасауға ықпал етті.

Previous Еуразиялық Даму Банкі” ЕАДБ-ға салыстырмалы шолу” бастамасын жүргізуде

Leave Your Comment