Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – инфрақұрылымды дамыту мен ел экономикасының тұрақты өсуінің негізгі құралы. Қазақстандық МЖӘ орталығы мемлекет пен жеке сектордың күшін біріктіре отырып, маңызды жобаларды жүзеге асыруға атсалысып келеді.
Әлібек Төлеп, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының басқарма төрағасының орынбасары, МЖӘ жобаларының еліміздегі даму перспективалары туралы «Atameken» телеарнасына сұқбат берді. Ол әріптестік тетіктерін тиімді қолдану арқылы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға болатындығын ерекше атап өтті.