Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы (МЖӘ Орталығы) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жүзеге асырылуы: әсерлері, перспективалары, мәселелері» тақырыбындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында еліміздегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Баспасөз конференциясы аясында МЖӘ саласындағы заңнамаға енгізілген маңызды өзгерістер талқыланды. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық актілерді біріздендіру, шарттар жасасу рәсімдерін жеңілдету және «Бағдарламалық МЖӘ» сияқты жаңа тетіктерді енгізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, ірі жобаларды іске асырудағы халықаралық қаржы ұйымдарының рөлі және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері көтерілді.
МЖӘ – экономикалық дамудың және стратегиялық маңызды салаларға инвестиция тартудың маңызды құралы болып қала береді.
МЖӘ орталығы мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде, МЖӘ жобаларын іске асыру мен инфрақұрылымды дамытуда басты рөл атқарады.
Баспасөз мәслихатына «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан КАЛИГАЗИН, Басқарма төрағасының орынбасары Айдос КӨБЕТОВ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторы департаменті директорының орынбасары Алишер ШАЯХМЕТОВ қатысты.