Астанада ІІІ Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы өтті

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, шетелдік және жергілікті жеке сектордың өкілдері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда МЖӘ құралдарын тиімді қолдану, тәжірибе алмасу және заңнамалық жаңашылдықтарды талқылау болды.

Шарада өңірлердегі МЖӘ әлеуеті, халықаралық тәжірибелер және ерекше маңызды жобалар бойынша МЖӘ орталығының рөлі кеңінен талқыланды.

Форум барысында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Айдос Көбетов МЖӘ тетігінің қазіргі ахуалы мен жаңа заңнамалық өзгерістер жайында, қысқа мерзімді жоспарлар бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ форум аясында экономист Рақым Ошақбаевтың модераторлығымен панельдік сессия өтті. Онда МЖӘ саласының өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында халықаралық тәжірибеге негізделген ұсынымдар әзірленді.

Previous <strong>Қазақстандағы жаңа МЖӘ жобасы: Қарағанды университеттік ауруханасын салу бойынша тендер алдындағы конференция өтті</strong>

Leave Your Comment