ЕҚДБ реформалардың оң серпінін және Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі күш-жігерін атап өтті

ЕҚДБ Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзхан Қазақстан банктің Орталық Азия өңіріндегі қызметі үшін маңызды елдердің бірі саналатынына тоқталды. Бұл ретте ол Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қабылдап жатқан шараларын атап өтті. Оның айтуынша, ЕҚДБ Қазақстанды құрылымдық реформаларды, оның ішінде банк секторында, «жасыл» экономиканы дамытуда, Ұлттық инфрақұрылым жоспарын жүзеге асыру ісінде қолдайды.

«Жалпы, Қазақстандағы реформалар барысына келетін болсақ, біз оң динамиканы атап өтеміз. Оң динамика әртүрлі салаларда, соның ішінде инфрақұрылым саласында да орын алуда. Осыған байланысты Ұлттық инфрақұрылым жоспары өте маңызды және үлкен маңызға ие. Сондай-ақ банк заңнамасы қайта қаралуда. Инвестицияларды тартатын және елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа салаларда реформалар жүзеге асырылуда. «Жасыл» күн тәртібінен өтіп жатқан немесе оған қатысты реформаларды атап өту өте маңызды, ол реформаның қарқыны үнемі жеделдеуде», —

деді Хусейн Өзхан. 

ЕҚДБ-ның негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) болып саналады. МЖӘ тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобаларды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға болады. Сәтті мысал ретінде Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮАААЖ) мен Көкшетау ауруханасының жобалары аталды.

«Біз осы қағида негізінде көбірек жобалар жасалуы мүмкін деп санаймыз. Өз тарапынан Қазақстан МЖӘ негізінде жобаларды арттыруға жәрдемдесуді жалғастыруға дайын, өйткені бұл жобалар мен дамуды неғұрлым ұзақмерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етуде де, бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтуда да маңызды тетік», —

деп атап өтті Хусейн Өзхан. 

Жалпы, 2024 жылы банк 25 жобаны жүзеге асыра отырып, Қазақстан экономикасына рекордтық €930 млн инвестициялады және қосымша €300 млн тартуға жәрдемдесті. Қазақстан экономикасына жалпы үлес €1,2 млрд-тан асты. Инвестициялық жобалар инфрақұрылым мен энергетикадан бастап ШОБ бизнесін, әйелдер кәсіпкерлігін, «жасыл» экономика мен шикізат материалдарын қолдауға дейінгі секторлардың кең ауқымын қамтиды.

Дереккөз: ҚР ПремьерМинистрінің ресми сайты

Previous <strong>МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру бойынша оқыту семинары өтті</strong>

Leave Your Comment