МЖӘ арқылы іске асқан сәтті жоба: Ядролық медицина орталығы

Астанада ашылған Ядролық медицина орталығы – Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асқан ең табысты жобалардың бірі. Денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту арқылы өмір сапасын арттыруға нақты үлес қосқан бұл жоба – мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жарқын көрінісі.

Жоба аясында жекеменшік әріптестің есебінен қаржыландырылған құрылыс пен технологиялық жабдықтау нәтижесінде жоғары технологиялы медициналық қызмет қолжетімді бола түсті.

Орталықта 9 радиофармпрепарат өндіріледі, оның 8-і бұрын Қазақстанда мүлдем өндірілмеген. Бұл – ядролық медицинаны импортқа тәуелділіктен арылтып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

ТМД және Орталық Азия бойынша баламасы жоқ ПЭТ аппараты орнатылды. Оның көмегімен 2024 жылы 11 600 зерттеу жүргізілді.

«Health is Here» бағдарламасы шеңберінде Орталық ТМД, АҚШ, Қытай, Түркия, Германия, Англия, Польша, Канада сынды елдерден келген 850 науқасқа қызмет көрсетті.

Көшпелі бригадалар Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау, Абай, Жетісу және БҚО өңірлеріне барып, 112 күрделі операция жасады, 1000-нан астам кеңес берді, дәрігерлерге оқыту жұмыстарын жүргізді.

Заманауи технология мен кәсіби маманның күшін біріктірген бұл жоба – мемлекет пен бизнестің ортақ мақсат жолында тиімді әріптестік орнатуының жарқын үлгісі.

Previous <strong>ЕҚДБ реформалардың оң серпінін және Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі күш-жігерін атап өтті</strong>

Leave Your Comment