| Жекеше әріптесті айқындау тәсілі | Жекеше әріптесті айқындау конкурс арқылы жүзеге асырылатын болады. |
| Жобаның қазақ тіліндегі атауы | Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК қосымша ғимаратын салу және оған сервистік қызмет көрсету |
| Жобаның орыс тіліндегі атауы | Строительство и сервисное обслуживание здания пристройки к КГП на ПХВ «Многопрофильная больница имени профессора Х.Ж.Макажанова» управления здравоохранения Карагандинской области» |
| Жобаның ағылшын тіліндегі атауы | Construction and maintenance of the extension building to the KGP at the PCV «Multidisciplinary hospital named after Professor H.Zh. Makazhanov» of the health department of the Karaganda region» |
| Жобаның қысқаша сипаттамасы | Жоба Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 5/3 мекен-жайы бойынша орналасқан ШЖҚ «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК қолданыстағы ғимаратына жалпы ауданы 3800-4000 м ² болатын алты қабатты қосымша құрылыс салуды көздейді. Жобалау өзекті санитарлық, өртке қарсы және құрылыс талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Медициналық мақсаттағы барлық үй-жайлар үшін жиі дезинфекциялауға төзімді әрлеу материалдары көзделген. Ғимарат пандустар мен мамандандырылған қозғалыс бағыттарын қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толық бейімделетін болады. Жекеше әріптестің инвестицияларын қосымша құрылыс ғимаратының үй-жайларын ұзақ мерзімді жалға беру есебінен өтеу жоспарлануда. Қосымша ғимаратына, оның ішінде мемлекеттік меншікке берілетін алаңға сервистік қызмет көрсету МЖӘ шартының талаптарымен ұсынылады. Жоба техникалық жағынан күрделі емес санатқа жатқызылған. |
| Жобаның мақсаттары мен міндеттері | Жобаның негізгі мақсаты денсаулық сақтаудың өзекті стандарттарына сәйкес келетін заманауи инфрақұрылымды құру арқылы Қарағанды облысында мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады. Жобаның міндеттері: – ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК ғимаратына цокольді қабаты бар алты қабатты қосымша құрылыс салу; – ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК-на бір қабатын мемлекеттік меншікке беру; – қосымша ғимаратында қазіргі заманғы бағыттар мен технологияларды іске асыру мақсатында қалған қабаттарды денсаулық сақтау және қызмет көрсету саласындағы ұйымдарға жалға беру мүмкіндігін қамтамасыз ету; – әкімшілік бөлімшелерді жаңа ғимаратқа көшіру арқылы жұмыс істеп тұрған стационарды жеңілдету; – жаңа функционалдық кеңістік пен сервистік шешімдерді құру есебінен мекеменің операциялық икемділігін арттыру. |
| Жобаны іске асыру аясы (саласы) | Жоба денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылуда |
| Іске асыру орны | Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы, Мұқанов көшесі, 5/3-үй. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК аумағында |
| Жобаның (бюджеттің) деңгейі | Жергілікті |
| Нысан түрі | Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК қосымша ғимаратын салу және оған сервистік қызмет көрсету |
| Нысанның қуаты | Жалпы ауданы 3 800-4 000 м2 қосымша ғимараты, ауданы 550-600 м2 қабаттардың бірі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» КМК мемлекеттік меншігіне беріледі. |
| Инвестициялық кезең | 2026–2027 жылдар |
| Пайдалану кезеңі | 2028–2035 жылдар |
| Инвестициялық шығындар | МЖӘ объектісінің құрылысына инвестициялар 3,2 млрд. теңгеден асады. Инвестициялар сомасы МЖӘ жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін айқындалады. |
| Пайдалану шығындары | Қосымша ғимаратына, оның ішінде мемлекеттік меншікке берілетін алаңға сервистік қызмет көрсету МЖӘ шартының талаптарымен ұсынылады. |
| Өтінімдерді қабылдаудың басталуы-аяқталуы | 08.10.2025 жыл – 06.12.2025 жыл |