2025 жылдың 1–30 қараша аралығында “Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ-да сыртқы тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Анализ жүргізудің мақсаты — Қоғамның басқару, кадрлық, қаржылық және операциялық үдерістерін жан-жақты зерделеу және бағалау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етуі мүмкін факторларды анықтау.
Анализ жүргізу келесі бағыттарға бағытталған:
• құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі ықтимал осал аймақтарды анықтау;
• ішкі бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және корпоративтік басқару рәсімдерінің тиімділігін бағалау;
• сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• қызметкерлердің адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетін нығайту.
Талдау аясында қызметкерлермен сұхбаттар мен сауалнамалар жүргізіледі, ішкі нормативтік актілер, бизнес-үдерістер және бұрын берілген бақылаушы және қадағалаушы органдардың ұсынымдарының орындалуы зерделенеді. Анализ нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшы мен Комплаенс қызметі бірлесіп, Қоғам қызметінің тиімділігін арттыруға және қызметкерлер, мемлекет пен қоғам тарапынан сенімді нығайтуға бағытталған ішкі бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындайды.